(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАСТОДИАН ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ТІЗБЕСІН, НЫСАНДАРЫН, ҰСЫНУ...
Кастодиан есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 248 Қаулысы
(2014.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мына:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Кастодиандар есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша номиналдық ұстауда тұрған шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар туралы есеп.
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес кастодиандардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Кастодиан есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық нысанда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
Ә. Смайылов _____________
2013 жылғы «___» _________
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
1-қосымша
Кастодиандар есептілігінің тізбесі
Кастодианның есептілігіне мыналар кіреді:
Редакция документа
Демо – версия документа