«Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 Қаулысы (2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 Қаулысы
(2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.29.06. № 42 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.21.06. № 60 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 42 Қаулысымен (2023 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
Демо – версия документа