(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.02.02 Ж. № 303 ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 303 Өкімі
(2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.04.03 ж. № 374 өкімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) ҚР Президентінің 03.12.04 ж. № 513 өкімімен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша» 2001 жылғы 29 мамырдағы № 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Редакция документа
Демо – версия документа