(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа