«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 231 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 231 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта:
«көрсету» деген сөз алып тасталсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын;
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
Документ утратил силу
Демо – версия документа