Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен бекітілген

 

 

«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) қызметтің аталған түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметі нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды тұтынушылардың мүдделерін қорғау, темір жол жылжымалы құрамының бірыңғай мемлекеттік деректер банкінің болуын және жұмысқа қабілеттігін қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктерді және багажды тасымалдау жөніндегі қызметте пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 нөмірмен тіркелген), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку