(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.03.02. № 99 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 Қаулысы
(2012.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 899 (бұр.ред.қара) ; 2009.19.05 № 745 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.02.09 № 875 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.09.04. № 432 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
Редакция документа
Демо – версия документа