(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.03.02. № 99 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 Қаулысы
(2010.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 899 (бұр.ред.қара) ; 2009.19.05 № 745 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.02.09 № 875 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң
құрамы
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға |
Редакция документа
Демо – версия документа