(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.03.02. № 99 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі
ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысы
(2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Дерновой Анатолий Григорьевич - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі, төраға;
Редакция документа
Демо – версия документа