(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.04.02 Ж. № 410 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы
(2009.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 775 Қаулысымен ереже редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 сәуірдегі
№ 410 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар»
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Ереженің күші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) шетелге іссапарға жіберу туралы шешім қабылдайды, ал Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде белгіленген тәртіппен оларды іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге ақшалай қаражат бөлуді жүргізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа