(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.04.02 Ж. № 410 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша
көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы
(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 775 Қаулысымен ереже редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 сәуірдегі
№ 410 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар»
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Ереженің күші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларға қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) «Шетелдік іссапарлар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын (бұдан әрі - лауазымды адамдар) шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі - іссапар шығыстары) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
2. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінетін республикалық
бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа