(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.04.02 Ж. № 410 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша
көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы
(2005.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 сәуірдегі
№ 410 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
ережесі
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды.
Ереженің күші "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Шетелдік іссапарлар" ағымдағы бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 ; 20.07.04 ж. № 771 ; 2005.12.12. № 1234 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа