«Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 108 Қаулысы (2011.28.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 108 Қаулысы
(2011.28.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 249 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-2-қосымшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандары (бұдан әрі - нысандар) бекітілсiн.
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 170 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысандарды электрондық тасымалдауышта ұсынады.
Банктер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұрату алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысандарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа