Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.15.07 № 108 ҚАУЛЫСЫ

Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған
мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 108 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-2-қосымшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандары (бұдан әрі - нысандар) бекітілсiн.

2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесінші жұмыс күнiнен кешiктiрмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) нысандарды осы қаулының 1-2-қосымшаларына сәйкес ұсынылып отырған деректердiң құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалану арқылы электронды тасымалдағышта ұсынады.

Банктер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұрату алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысандарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.

Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку