«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 249 Қаулысы (2014.27.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 249 Қаулысы
(2014.27.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі, нысандары және мерзімдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Баланс шоттарындағы резервтері (провизиялары) шегерілген қалдықтар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланстан тыс қызмет жөніндегі есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдардың және корреспонденттік шоттардың талдамасы туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стандартты және жіктелген активтер және шартты міндеттемелер туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамтамасыз ету түрі бойынша қарыздар туралы есеп;
Документ утратил силу
Демо – версия документа