«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 Қаулысы (2017.28.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 Қаулысы
(2017.28.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы резервтері (провизиялары) шегерілген қалдықтар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамтамасыз ету түрі бойынша қарыздар туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарыздар, оның ішінде жан-жақты көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;
Документ утратил силу
Демо – версия документа