(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2000 Ж. 30 ҚАРАШАДАҒЫ № 109-II ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Бағалау қызметін жүзеге асырудың
негіздемелері мен шарттары
3-тарау. Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу
6-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
Редакция документа
Демо – версия документа