(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2000 Ж. 30 ҚАРАШАДАҒЫ № 109-II ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109-II Заңы
(ҚР 24.12.01 ж. N 276-II; 14.02.03 ж. N 388-II; 08.05.03 ж. N 414-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР 14.02.03 ж. N 388-II Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 14.02.03 ж. N 388-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 14.02.03 ж. N 388-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушi - бағалаушының қызметтерiн тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;
1-1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге де құнын айқындау;
2) өзге құн - нарықтық құннан басқа, бағалау объектiсiнiң өзге құны;
Демо – версия документа