«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген) (2013.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеуді тиісті облыстың (Комитетте тіркеуге жататындардан басқасы) филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден алуды уәкілетті органдар орталықтар арқылы жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың: банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктердің (оның ішінде барлық саяси партиялардың) қызметінің тоқтатылуын, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерді есептік тіркеуден алуды Комитет жүзеге асырады.
Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 16 және 16-1-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz; «Ақпараттық материалдар» деген бөлімде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің немесе уәкілетті органның заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы немесе бас тарту туралы бұйрығын қағаз жүзінде беру болып табылады.
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығарудан бас тартылған жағдайда қағаз жүзінде берілген құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме жасалған дәлелді бас тарту беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған және қолхат алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар тапсырған кезде (мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішті берген) кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушының өтініш жасаған жерінде сол күні көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
4) дайын құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеппен ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген ставка бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін төленеді.
1) Комитетте:
Комитетте еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) орталықта:
Құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
10. Орталық мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратында көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызмет алушылар заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тарату негіздері бойынша мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке немесе орталықтарға мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
2) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімін;
3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжатын;
4) кедендік баждар, салықтық және кедендік алымдар бойынша берешектері жоқ екендігі туралы анықтаманы;
5) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшін) күші жойылғаны туралы куәлікті;
6) заңды тұлға мөрінің жойылғандығы туралы құжатты;
7) заңды тұлғаның тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге құжатты;
8) құрылтай құжаттарын ұсынады.
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң тіркеуші органға ұсынылады.
Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеу сот шешімінің және соттың тарату іс жүргізуінің аяқталғаны туралы ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіруі туралы шешімін;
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
Мемлекеттік қызмет алушылар филиалды және өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін Комитетке немесе орталықтарға мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
2) филиал (өкілдік) туралы ережені;
3) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
Салық қызметінің органдары Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға, филиал (өкілдіктің), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға, филиал (өкілдік) шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартады.
Өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:
1) филиал (өкілдік) туралы ережені;
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты қоса бере отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады не орталықтың консультантында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz болады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.
15. Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде күн сайын жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы бұйрықты алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) сыпайылық;
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну;
5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы;
6) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапалық және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін уәкілетті органның немесе Комитет басшысының атына беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың басшысы немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Басшылардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
25. Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады.
Қолмен алып келген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеуден
алу» мемлекеттік қызмет стандартының
1-қосымшасы
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37 | 8 (7162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 а | 8 (7132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесі, 69 а | 8 (7282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 а | 8 (7122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 | 8 (7232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 а | 8 (7262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208 | 8 (7112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1 | 8 (7212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 | 8 (7142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 | 8 (7242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 | 8 (7292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 | 8 (7182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 | 8 (7152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 | 8 (7252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 | 8 (727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 | 8 (7172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеуден
алу» мемлекеттік қызмет стандартының
2-қосымшасы
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
№ | Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдер, бөлімшелер) | Орналасқан мекенжайы | Байланыс деректері | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
1. | «Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 189 а | 8 (7162) 40-10-76 8 (7162) 40-10-63 | |
1) | Көкшетау қалалық бөлімшесі | Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 42 | 8 (7162) 25-00-67 8 (7162) 25-06-21 | |
2) | Красный Яр с. Аудандық бөлімі | Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65 | 8 (7162) 40-43-27 | |
3) | Ақкөл аудандық бөлімі | Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102 | 8 (71638) 2-09-96 8 (71638) 2-18-49 | |
4) | Аршалы аудандық бөлімі | Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, М. Мәметова көшесі, 19 | 8 (71644) 2-10-77 8 (71644) 2-28-28 8 (71644) 2-10-77 | |
5) | Атбасар аудандық бөлімі | Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11 | 8 (71643) 2-45-94 8 (71643) 4-07-22 8 (71643) 4-12-58 | |
6) | Астрахан аудандық бөлімі | Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44 | 8 (71641) 2-35-96 8 (71641) 2-21-94 | |
7) | Бұланды аудандық бөлімі | Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б | 8 (71646) 2-37-20 8 (71646) 2-37-81 | |
8) | Бурабай аудандық бөлімі | Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай Хан көшесі, 28 | 8 (71636) 4-29-97 8 (71636) 4-28-91 8 (71636) 4-59-28 | |
9) | Егіндікөл аудандық бөлімі | Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7 | 8 (71642) 2-12-57 | |
10) | Ерейментау аудандық бөлімі | Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15 | 8 (71633) 2-44-92 | |
11) | Еңбекшілдер аудандық бөлімі | Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а | 8 (71639) 2-22-41 8 (71639) 2-22-42 8 (71639) 2-22-18 | |
12) | Есіл аудандық бөлімі | Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56 | 8 (71647) 2-22-07 | |
13) | Жарқайың аудандық бөлімі | Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104 | 8 (71648) 9-00-35 8 (71647) 2-22-05 | |
14) | Жақсы аудандық бөлімі | Жақсы ауданы, Жақсы қаласы, Ленин көшесі, 8 | 8 (71635) 2-17-10 | |
15) | Зеренді аудандық бөлімі | Зеренді ауданы, Зеренді с., Мир көшесі, 52 | 8 (71632) 2-00-74 8 (71632) 2-29-43 | |
16) | Қорғалжын аудандық бөлімі | Қорғалжын ауданы, Қорғалжын қаласы, Абай көшесі, 44а | 8 (71637) 2-17-83 8 (71637) 2-20-36 | |
17) | Степногор қалалық бөлімі | Степногор қаласы, 4 шағын ауданы, 7 | 8 (71645) 2-00-40 8 (71645) 2-00-30 | |
18) | Сандықтау аудандық бөлімі | Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119 | 8 (71640) 9-26-66 | |
19) | Целиноград аудандық бөлімі | Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 | 8 (71651) 3-12-30 8 (71651) 3-11-98 | |
20) | Шортанды аудандық бөлімі | Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, Аты аталмаған тұйық көше, 1 | 8 (71631) 2-17-97 | |
«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
2. | «Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 | 8 (7132) 56-57-87 | |
1) | Ақтөбе қалалық №1 бөлімі | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 | 8 (7132) 57-80-27 | |
2) | Қарғалы с. (Жилянка) | Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10 | 8 (7132) 98-60-06 8 (7132) 98-60-05 | |
3) | Алға аудандық бөлімі | Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі, 23 | 8 (71337) 3-20-79 8 (71337) 3-10-96 | |
4) | Мортық аудандық бөлімшесі | Мортық ауданы, Мортық ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б» | 8 (71331) 22-4-13 8 (71331) 22-1-14 | |
5) | Хромтау аудандық бөлімі | Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12 | 8 (71336) 26-6-33 8 (71336) 26-6-34 | |
6) | Қандыағаш аудандық бөлімі | Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный ш/а, 47 «Б» | 8 (71333) 30-2-19 8 (71333) 30-2-18 | |
7) | Ембі аудандық бөлімі | Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әмір көшесі, 10 | 8 (71334) 23-9-83 | |
8) | Темір аудандық № 8 бөлімі | Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Байғанин көшесі, 15 «А» | 8 (71346) 23-5-83 8 (71334) 23-9-87 | |
9) | Қобда аудандық бөлімі | Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесі, 2 | 8 (71341) 22-1-47 8 (71341) 22-1-38 | |
10) | Қарғалы аудандық бөлімі Бадамша с. | Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27 | 8 (71342) 23-4-64 8 (71342) 23-4-62 | |
11) | Ойыл аудандық бөлімі | Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64 | 8 (71332) 21-1-81 8 (71332) 21-1-82 | |
12) | Әйтеке би аудандық № 12 аудандық бөлімі | Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 | 8 (71339) 22-3-73 8 (71339) 22-3-74 | |
13) | Байғанин аудандық бөлімі | Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А» | 8 (71345) 23-5-86 8 (71345) 23-5-87 | |
14) | Ырғыз аудандық бөлімі | Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7 | 8 (71343) 21-8-28 | |
15) | Шалқар аудандық бөлімі | Шалқар ауданы, Шалқар ауылы, Әйтеке би көшесі, 63 | 8 (71335) 23-6-10 8 (71335) 23-6-11 | |
«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
3. | «Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8 (7282) 24-15-06 8 (7282) 24-41-33 | |
1) | Ақсу аудандық бөлімі | Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 2 | 8 (72832) 2-14-51 | |
2) | Қапал бөлімшесі | Қапал ауылы, Алпысбай көшесі, 3 | 8 (72841) 2-17-60 | |
3) | Алакөл аудандық бөлімі | Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі, 63 | 8 (72833) 2-35-46 8 (72833) 2-35-48 | |
4) | Қабанбай бөлімшесі | Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі, 237 | 8 (72837) 4-13-85 | |
5) | Балқаш аудандық бөлімі | Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А» | 8 (72773) 95-2-22 8 (72773) 9-18-20 | |
6) | Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі | Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А | 8 (72775) 4-54-70 8 (72775) 4-54-69 | |
7) | Шелек бөлімшесі | Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100 | 8 (72775) 2-34-96 8 (72775) 2-34-97 | |
8) | Ескелді аудандық бөлімі | Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 52 | 8 (72836) 3-22-16 | |
9) | Жамбыл аудандық бөлімі | Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі, 1 | 8 (72770) 2-30-90 | |
10) | Іле аудандық бөлімі | Өтеген батыр ауылы, Қуат ш/а, Тәуелсіздік көшесі, 25 | 8 (727) 251-74-46 8 (727) 251-74-47 | |
11) | Боралдай бөлімшесі | Боралдай ауылы, Вокзал көшесі, 6 «А» | 8 (72738) 7-82-42 | |
12) | Қараой бөлімшесі | Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9 | 8 (7275) 24-88-10 | |
13) | Ақши бөлімшесі | Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29 |
| |
14) | Қарасай аудандық бөлімі | Қаскелең ауылы, Жанғоозин көшесі, 38 | 8 (72771) 2-56-86 8 (72771) 2-56-96 | |
15) | Тау Самалы бөлімшесі | Тау Самалы ауылы, Рысқұлов көшесі, 129 | 8 (727) 391-38-58 | |
16) | Шамалған бөлімшесі | Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1 «В» | 8 (7272) 93-66-33 | |
17) | Қаратал аудандық бөлімі | Үштөбе ауылы, Абылай хан көшесі, 22 | 8 (72834) 2-02-07 8 (72834) 2-20-92 | |
18) | Кербұлақ аудандық бөлімі | Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі н/ж | 8 (72840) 3-25-88 | |
19) | Қоғалы бөлімшесі | Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі, 45 | 8 (72842) 9-10-59 | |
20) | Көксу аудандық бөлімі | Балпық би ауылы, Измайлов көшесі, 10 | 8 (72838) 2-16-19 8 (72838) 2-16-18 | |
21) | Қапшағай қалалық бөлімі | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41 | 8 (72772) 4-79-61 8 (72772) 4-79-60 | |
22) | Шеңгелді бөлімшесі | Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34 | 8 (72772) 7-11-94 | |
23) | Сарқанд аудандық бөлімі | Сарқан ауылы, Жамбыл көшесі н/ж | 8 (72839) 2-35-80 8 (72839) 2-37-14 | |
24) | Лепсі бөлімшесі | Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі, 1 | 8 (72843) 2-10-16 | |
25) | Райымбек аудандық бөлімі | Кеген ауылы, Момышұлы көшесі н/ж | 8 (72777) 2-20-84 8 (72777) 2-20-82 8 (72777) 2-18-78 | |
26) | Нарынқол бөлімшесі | Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі н/ж | 8 (72779) 2-11-65 | |
27) | Панфилов аудандық бөлімі | Жаркент қаласы, Головацкий көшесі н/ж | 8 (72831) 5-51-11 | |
28) | Талғар аудандық бөлімі | Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 «А» | 8 (727) 388-11-30 8 (72774) 2-21-43 8 (72774) 2-21-33 | |
29) | Нұра бөлімшесі | Нұра ауылы, Школьная көшесі, 10 | 8 (72774) 5-80-62 | |
30) | Талдықорған қалалық бөлімі | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8 (7282) 24-49-75 8 (7282) 24-40-43 | |
31) | Текелі қалалық бөлімі | Текелі қаласы, Октябрь көшесі, 7 | 8 (72835) 4-35-38 8 (72835) 4-35-18 | |
32) | Ұйғыр аудандық бөлімі | Чунджа ауылы, Қасымбеков көшесі, 35 | 8 (72778) 2-43-35 8 (72778) 2-43-31 8 (72778) 2-43-32 | |
«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
4. | «Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23 | 8 (7122) 21-34-67 | |
1) | Облыстық бөлім | Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23 | 8 (7122) 21-29-42 | |
2) | № 1 қалалық бөлімі | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 а | 8 (7122) 35-75-05 8 (7122) 35-75-30 | |
3) | № 2 қалалық бөлімі | Атырау қаласы, Балықшы, Байжігітов көшесі, 80 а | 8 (7122) 24-34-90 8 (7122) 24-37-89 | |
4) | Индер аудандық бөлімі | Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылы, Меңдіғалиев көшесі, 30 | 8 (71234) 2-12-96 8 (71234) 2-18-38 | |
5) | Махамбет аудандық бөлімі | Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10 | 8 (71236) 2-24-96 8 (71236) 2-15-25 | |
6) | Қызылқоға аудандық бөлімі | Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 1 | 8 (71238) 2-20-46 8 (71238) 2-20-27 | |
7) | Жылыой аудандық бөлімі | Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8 | 8 (71237) 5-03-54 8 (71237) 5-01-28 | |
8) | Құрманғазы аудандық бөлімі | Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66 а | 8 (71233) 2-05-13 8 (71233) 2-07-14 | |
9) | Мақат аудандық бөлімі | Мақат ауданы, Мақат ауылы, Орталық көшесі, 2 | 8 (71239) 3-22-97 8 (71239) 3-22-96 | |
10) | Исатай аудандық бөлімі | Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егеменді Қазақстан көшесі, 9 | 8 (71231) 2-16-70 8 (71231) 2-16-69 | |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
5. | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 а | 8 (7232) 78-42-36 8 (7232) 28-94-67 | |
1) | Өскемен қалалық № 1 бөлімі | Өскемен қаласы, Сәтпаев көшесі, 20/1 | 8 (7232) 60-39-22 | |
2) | Өскемен қалалық № 2 бөлімі | Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1 | 8 (7232) 57-83-88 8 (7232) 22-81-37 | |
3) | Глубоков аудандық бөлімі | Глубоков ауданы, Глубокое ауылы, Попович көшесі, 22 | 8 (72331) 2-23-35 | |
4) | Зайсан қалалық бөлімі | Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелді көшесі, 52 а | 8 (72340) 2-67-81 | |
5) | Зырянов аудандық бөлімі | Зырянов ауданы, Зырянов қаласы, Стаханов көшесі, 39 | 8 (72335) 6-02-39 | |
6) | Катон-Қарағай аудандық бөлімі | Катон-Қарағай ауданы, Үлкен - Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 96 | 8 (72341) 2-23-60 | |
7) | Күршім аудандық бөлімі | Күршім ауданы, Күршім ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 77 | 8 (72339) 2-13-10 | |
8) | Риддер аудандық бөлімі | Риддер қаласы, Семей көшесі, 12 | 8 (72336) 4-62-62 | |
9) | Тарбағатай аудандық бөлімі | Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 23 | 8 (72346) 2-24-96 | |
10) | Ұлан аудандық бөлімі | Ұлан ауданы, Молодежный ауылы, 9 | 8 (72338) 2-78-96 | |
11) | Шемонаих қалалық бөлімі | Шемонаих ауданы, Шемонайх қаласы, 3-ш/а, 12 | 8 (72332) 3-41-00 | |
12) | Семей қалалық № 1 бөлімі | Семей қаласы, 408 квартал, 21 | 8 (7222) 33-57-97 8 (7222) 33-55-93 | |
13) | Семей қалалық № 2 бөлімі | Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161 А | 8 (7222) 52-69-29 | |
14) | Абай аудандық бөлімі | Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 | 8 (72252) 2-22-64 | |
15) | Аягөз қалалық бөлімі | Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 84 | 8 (72237) 5-24-32 | |
16) | Бесқарағай аудандық бөлімі | Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А | 8 (72236) 9-06-30 | |
17) | Бородулиха аудандық бөлімі | Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25 | 8 (72351) 2-20-48 | |
18) | Жарма аудандық бөлімі | Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 | 8 (72347) 6-54-00 | |
19) | Курчатов аудандық бөлімі | Курчатов ауданы, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 12 | 8 (72251) 2-21-66 | |
20) | Көкпекті аудандық бөлімі | Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 38 | 8 (72348) 2-21-71 | |
21) | Үржар аудандық бөлімі | Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 116 | 8 (72230) 2-19-85 | |
«Жамбыл облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
6. | «Жамбыл облысы» бойынша РМК филиалы | Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 | 8 (7262) 56-90-01 8 (7262) 46-00-28 | |
1) | Тараз қалалық бөлімі | Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 158 «а» | 8 (7262) 43-84-21 | |
2) | № 1 бөлім | Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б» | 8 (7262) 56-90-27 | |
3) | № 2 бөлім | Тараз қаласы, Талас ш/а, 2 | 8 (72622) 6-17-78 | |
4) | № 3 бөлім | Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 | 8 (7262) 56-90-04 | |
5) | Байзақ аудандық бөлімі | Сарыкемер ауылы, Медеуов көшесі, 33 | 8 (72637) 2-28-04 | |
6) | Жамбыл аудандық бөлімі | Аса ауылы, Абай көшесі, 127 | 8 (72633) 2-11-99 | |
7) | Жуалы аудандық бөлімі | Б.Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы көшесі, 49 | 8 (72635) 5-02-46 | |
8) | Қордай аудандық бөлімі | Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215 | 8 (72636) 2-13-52 | |
9) | Мерке аудандық бөлімі | Мерке ауылы, Исмаилов көшесі, 232 | 8 (72632) 4-42-54 | |
10) | Мойынқұм аудандық бөлімі | Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 215 | 8 (72642) 2-47-93 | |
11) | Сарысу аудандық бөлімі | Жаңатас ауылы, Жібек жолы көшесі, 1 | 8 (72634) 6-33-00 | |
12) | Талас аудандық бөлімі | Қаратау ауылы, Молдағұлов көшесі, 51 | 8 (72644) 6-33-93 | |
13) | Т. Рысқұлбеков аудандық бөлімі | Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 71 | 8 (72631) 2-18-10 | |
14) | Шу аудандық бөлімі | Шу қаласы, Автобаза көшесі, 1 | 8 (72643) 2-17-97 | |
15) | Гродеково ауылдық бөлімі | Гродеково ауылы, Бейбітшілік көшесі, 88 | 8 (72633) 3-16-76 8 (7262) 51-23-24 | |
«Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
7. | «Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2 | 8 (7112) 23-68-81 8 (7112) 28-25-27 8 (7112) 28-29-14 | |
1) | Ақжайық аудандық бөлімі | Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Ақжайық тұйық көшесі, 2 | 8-711-36-92-580 | |
2) | Бөкейорда аудандық бөлімі | Бөкейорда ауданы, Сайхин ауылы, Берғалиев көшесі, 1 | 8-711-40-21-847 8-711-40-21-835 | |
3) | Бөрлі аудандық бөлімі | Бөрлі ауданы, Ақсай ауылы, Железнодорожная көшесі, 121 А | 8-711-33- 35-550 8-711-33-36-778 | |
4) | Жанғала аудандық бөлімі | Жанғала ауданы, Жанғала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 63А | 8-711-41-22-403 8-711-41-22-404 | |
5) | Жәнібек аудандық бөлімі | Жәнібек ауылы, Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, 79 | 8-711-35-22-425 | |
6) | Зеленов аудандық бөлімі | Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 69 Б | 8-711-30-23-614 8-711-30-23-616 | |
7) | Казталов аудандық бөлімі | Казталов ауданы, Казталовка ауылы, Лукманов көшесі, 22 А | 8-711-44-32-204 8-711-44-32-205 | |
8) | Қаратөбе аудандық бөлімі | Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғали көшесі, 23/1 | 8-711-45-31-800 8-711-45-31-463 | |
9) | Сырым аудандық бөлімі | Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/2 | 8-711-34-31-446 8-711-34-31-447 | |
10) | Тасқала аудандық бөлімі | Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Вокзал көшесі, 6 | 8-711-39-22-398 8-711-39-21-979 | |
11) | Теректі аудандық бөлімі | Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 24 | 8-711-32-23-378 8-711-32-23-379 | |
12) | Шыңғырлау аудандық бөлімі | Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесі, 95 | 8-711-37-33-311 8-711-37-34-420 | |
13) | Казталов аудандық бөлімі | Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы, С.Датұлы көшесі, 23 | 8-711-38-21-044 8-711-38-21-045 | |
14) | Дарьинское ауылдық округі бөлімі | Зеленов ауданы, Дарьинское ауылы, Балдырған көшесі, 27/1 | 8-711-31-24-080 8-711-31-24-082 | |
15) | Ажар ауданының Тайпақ ауылдық округі бөлімі | Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Шемякин көшесі, 13 | 8-711-42-21-884 | |
16) | Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі бөлімі | Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі, 5 | 8-711-43-91-316 | |
«Қарағанды облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
8. | «Қарағанды облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7 | 8 (7212) 41-63-10 | |
1) | № 1 қалалық бөлім | Ержанов көшесі, 47/3 | 8 (7212) 33-13-10 | |
2) | № 2 қалалық бөлім | Чкалов көшесі, 7 | 8 (7212) 41-03-92 | |
3) | № 3 қалалық бөлім | Мұқанов көшесі, 5 | 8 (7212) 77-26-57 | |
4) | № 4 қалалық бөлім | Архитектурная көшесі, 8 | 8 (7212) 45-71-01 | |
5) | № 5 қалалық бөлім | 21 ш/а, 6/7 | 8 (7212) 32-92-51 | |
6) | № 6 қалалық бөлім | Серов көшесі, 73 | 8 (7212) 93-16-94 | |
7) | Теміртау қаласы № 1 бөлім | Блюхер көшесі, 23 | 8 (7213) 44-67-45 | |
8) | Теміртау қаласы № 2 бөлім | Республика даңғылы, 128 | 8 (7213) 99-79-96 | |
9) | Абай аудандық № 1 бөлім | Абай қаласы, Абай көшесі, 54 | 8 (72131) 4-77-07 | |
10) | Абай аудандық № 2 бөлім | Абай қаласы, Топар ауылы, Қазыбек би көшесі, 3 | 8 (72153) 3-04-46 | |
11) | Сарань қаласы бөлімі | Сарань қаласы, Жамбыл көшесі, 85 | 8 (72137) 4-25-26 | |
12) | Шахтинск қаласы № 1 бөлім | Шахтинск қаласы, А. Құнанбаев даңғылы, 65 Б | 8 (72156) 5-21-25 | |
13) | Шахтинск қаласы № 2 бөлім | Шахтинск қаласы, Шахан ауылы, квартал 10/16, 16 | 8 (72156) 3-20-99 | |
14) | Осакаров аудандық № 1 бөлім | Осакаровка ауылы, Пристационная көшесі,12 | 8 (72149) 4-32-62 | |
15) | Осакаров аудандық № 2 бөлімі | Осакаров ауданы, Молодежный ауылы, Абай көшесі, 13 | 8 (72148) 2-22-46 | |
16) | Сәтпаев қаласы бөлімі | Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 111 | 8 (71063) 4-03-47 | |
17) | Балқаш қаласы бөлімі | Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 20 а | 8 (71036) 6-83-37 | |
18) | Шет аудандық бөлімі | Ақсу-Аюлы ауылы, Жапақов көшесі, 23/1 үй, Ағадыр ауылы, Тәуелсіз Қазақстан көшесі, 4 үй | 8 (71031) 2-21-88 | |
19) | Жезқазған қаласы бөлімі | Жезқазған қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 9 | 8 (7102) 73-81-09 | |
20) | Жаңаарқа аудандық бөлімі | Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылы, А.Оспанов көшесі, 40 | 8 (71030) 2-69-09 | |
21) | Қаражал қаласы бөлімі | Қаражал қаласы, Ленин көшесі, 18 | 8 (71032) 2-70-21 | |
22) | Приозерск қаласы бөлімі | Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 7 | 8 (71039) 5-27-37 | |
23) | Бұхар жырау аудандық № 1 бөлімі | Бұхар жырау ауданы, Ботақара ауылы, Абылай хан көшесі, 37 | 8 (72154) 2-23-73 | |
24) | Бұхар жырау аудандық № 2 бөлімі | Бұхар жырау ауданы, Бейбітшілік көшесі, 24 | 8 (72138) 3-15-62 | |
25) | Ақтоғай аудандық № 1 бөлімі | Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 10 | 8 (71037) 2-11-05 | |
26) | Ақтоғай аудандық № 2 бөлімі | Сарышаған ауылы, Абай көшесі, 12 | 8 (71038) 22-3-39 | |
27) | Нұра аудандық бөлімі | Киевка ауылы, Сүлейменов көшесі, 2 | 8 (721-44) 2-11-11 | |
28) | Ұлытау аудандық бөлімі | Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Амангелді көшесі, 29 а | 8 (71035) 2-13-06 | |
29) | Қарқаралы аудандық бөлімі | Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 21 | 8 (72146) 3-17-03 | |
«Қостанай облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
9. | «Қостанай облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114 | 8 (7142) 53-44-84 8 (7142) 53-25-56 | |
1) | Қостанай қалалық бөлімі | Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гашик көшесі, 14 | 8 (7142) 26-45-51 | |
2) | Алтынсарин бөлімі | Қостанай облысы, Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 51 | 8 (71445) 21-5-28 8 (71445) 21-5-29 | |
3) | Амангелді бөлімі | Қостанай облысы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 27/7 | 8 (71440) 21-2-55 8 (71440) 21-2-69 | |
4) | Арқалық бөлімі | Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай көшесі, 62 | 8 (71430) 75-6-87 8 (71430) 75-6-86 | |
5) | Әулиекөл бөлімі | Қостанай облысы, Әулиекөл ауылы, Ленин көшесі, 32 | 8 (71453) 21-8-31 8 (71453) 21-9-02 | |
6) | Денисовска бөлімі | Қостанай облысы, Денисовка ауылы, Советская көшесі, 13 | 8 (71434) 22-0-30 8 (71434) 92-7-16 | |
7) | Жангелді бөлімі | Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылы, 8 наурыз көшесі, 37 | 8 (71439) 22-0-05 8 (71439) 21-5-85 | |
8) | Жітіқара бөлімі | Қостанай облысы, Жітіқара ауылы, Ленин көшесі, 08 | 8 (71435) 28-2-83 8 (71435) 28-2-00 | |
9) | Қамысты бөлімі | Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 66 | 8 (71437) 22-2-76 8 (71437) 22-2-75 | |
10) | Қарабалық бөлімі | Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық ауылы, Космонавт көшесі, 16 | 8 (71441) 32-9-61 8 (71441) 32-5-02 | |
11) | Қарасу бөлімі | Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24 | 8 (71452) 22-1-47 8 (71452) 21-9-69 | |
12) | Лисаковск бөлімі | Қостанай облысы, Лисоковск қаласы, 4 ш/а, 25 | 8 (71433) 32-0-90 8 (71433) 35-3-89 | |
13) | Меңдіқара бөлімі | Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 4 А | 8 (71443) 22-4-60 | |
14) | Науырзым бөлімі | Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 5 | 8 (71454) 21-0-53 8 (71454) 21-0-15 | |
15) | Рудный № 1 бөлімі | Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтар көшесі, 12 | 8 (71431) 49-8-02 | |
16) | Рудный № 2 бөлімі | Қостанай облысы, Рудный қаласы, Корчагин көшесі, 76 | 8 (71431) 90-0-38 8 (71431) 98-9-47 | |
17) | Сарыкөл бөлімі | Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы, Ленин көшесі, 104 | 8 (71451) 21-3-21 8 (71451) 21-2-09 | |
18) | Таранов бөлімі | Қостанай облысы, Таранов ауданы, Таранов ауылы, Калинин көшесі, 93 | 8 (71436) 36-5-89 8 (71436) 37-4-52 | |
19) | Ұзынкөл бөлімі | Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 79 | 8 (71444) 21-5-67 8 (71444) 21-1-62 | |
20) | Федоров бөлімі | Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейск көшесі, 56 | 8 (71442) 22-5-18 8 (71442) 23-2-83 | |
21) | Қостанай аудандық бөлімі | Қостанай облысы, Затабольск ауылы, Калинин көшесі, 53 | 8 (71455) 24-3-15 8 (71455) 24-3-16 | |
«Қызылорда облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
10. | «Қызылорда облысы бойынша ХҚО» РМК | Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 2 | 8 (7242) 23-07-16 | |
1) | № 1 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Тасбөгет ауылы, Амангелді көшесі н/ж | 8 (7242) 21-66-64 | |
2) | № 2 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 82 | 8 (7242) 25-60-57 | |
3) | № 3 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Шұғыла ш/а, 45 | 8 (7242) 24-86-11 | |
4) | № 4 қалалық бөлім | Қызылорда қаласы, Ақмешіт ш/а, 1 б | 8 (7242) 22-48-27 | |
5) | Байқоңыр қалалық бөлімі | Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, 17 а | 8 (3362) 27-54-81 | |
6) | Арал аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Арал қаласы, Қарасақал көшесі н/ж | 8 (72433) 25-0-02 | |
7) | Қазалы аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесі н/ж | 8 (72438) 26-1-27 | |
8) | Қармақшы аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жосалы кенті, Абай көшесі н/ж | 8 (72437) 2-11-62 | |
9) | Жалағаш аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі н/ж | 8 (72431) 32-3-03 | |
10) | Сырдария аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі, 55 «а» | 8 (72436) 2-29-00 | |
11) | Шиелі аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі н/ж | 8 (72432) 4-15-59 | |
12) | Жаңақорған аудандық бөлімі | Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі н/ж | 8 (72435) 21-4-51 | |
«Маңғыстау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
11. | «Маңғыстау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67 б | 8 (7292) 42-23-11 8 (7292) 42-23-12 | |
1) | Ақтау қалалық № 1 бөлім | Ақтау қаласы, 15 ш/а, 67 б | 8 (7292) 42-23-17 | |
2) | Жаңаөзен қалалық № 2 бөлім | Жаңаөзен қаласы, Өркен ш/а, Оқушылардың шығармашылық Үйінің ғимараты | 8 (72934) 5-03-90 | |
3) | Мұнайлы аудандық № 3 бөлім | Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты | 8 (7292) 46-56-83 | |
4) | Бейнеу аудандық № 4 бөлім | Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, Жастар орталығы ғимараты | 8 (72932) 2-55-35 | |
5) | Бейнеу ауданы Боранкүл ауылдық № 9 бөлімшесі | Боранкүл ауылы, Боранкүл мәдениет ММ ғимараты | 8 (72932) 3-16-95 | |
6) | Маңғыстау аудандық № 5 бөлім | Шетпе ауылы, Орталық көшесі, Қазпошта ғимараты | 8 (72931) 22-0-79 | |
7) | Қарақия аудандық № 6 бөлімі | Құрық ауылы, Уәлиханов көшесі, 15 | 8 (72937) 22-2-10 | |
8) | Түпқараған аудандық № 7 бөлім | Форт-Шевченко қаласы, Маяулыз көшесі, 6-д | 8 (72938) 2-30-38 | |
9) | Түпқараған ауданы Ақшүкір № 10 бөлімшесі | Ақшүкір ауылы, Үштерек көшесі, 5 | 8 (72938) 33-28-44 | |
10) | Жетібай аудандық № 8 бөлімі | Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс көшесі, № 10 ғимарат | 8 (72935) 26-9-33 | |
«Павлодар облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
12. | «Павлодар облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 | 8 (7182) 33-47-35 8 (7182) 70-42-01 | |
1) | Павлодар қалалық бөлімі | Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 204 | 8 (7182) 34-59-04 8 (8182) 34-59-05 | |
2) | Павлодар қалалық № 1 бөлім | Павлодар қаласы, Исиналиев көшесі, 24 | 8 (7182) 32-04-67 8 (7182) 70-42-09 | |
3) | Павлодар аудандық бөлімі | Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10 | 8 (7182) 62-92-29 8 (7182) 32-26-83 | |
4) | Екібастұз қалалық бөлімі | Екібастұз қаласы, Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 92/2 | 8 (7187) 77-66-93 8 (7182) 70-42-27 | |
5) | Ақсу қалалық бөлімі | Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10 | 8 (7183) 76-90-60 8 (7183) 76-91-77 | |
6) | Ақтоғай аудандық бөлімі | Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72 | 8 (71841) 2-21-66 | |
7) | Баянауыл аудандық бөлімі | Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 49 | 8 (71840) 9-23-65 8 (71840) 9-23-61 | |
8) | Железинка аудандық бөлімі | Железинка ауылы, Торайғыров көшесі, 58 | 8 (71831) 2-25-86 | |
9) | Щербакты аудандық бөлімі | Щербакты ауылы, В.Чайко көшесі, 45 | 8 (71836) 2-34-43 8 (71836) 2-33-37 | |
10) | Качир аудандық бөлімі | Тереңкөл ауылы, Тургенов көшесі, 85 | 8 (71833) 2-24-79 | |
11) | Лебяжі аудандық бөлімі | Аққу ауылы, Ташимов көшесі, 114 | 8 (71839) 2-11-07 | |
12) | Ертіс аудандық бөлімі | Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14 | 8 (71832) 22-91-12 8 (71832) 22-91-11 | |
13) | Май аудандық бөлімі | Май ауылы, Сейфуллин көшесі, 13 | 8 (71838) 9-21-44 | |
14) | Успенский аудандық бөлімі | Успенка ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі | 8 (71834) 9-18-40 8 (71834) 9-12-51 | |
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
13. | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі 157 | 8 (7152) 33-12-57 | |
1) | Қалалық бөлім | Қазақстан Конституциясы көшесі, 2 | 8 (7152) 33-02-26 | |
2) | Айыртау ауданы бойынша бөлім | Д.Сыздықов көшесі, 4 | 8 (71533) 2-01-84 | |
3) | Ақжар ауданы бойынша бөлім | Жеңіс көшесі, 67 | 8 (71546) 2-21-08 | |
4) | Аққайың ауданы бойынша бөлім | Еңбек көшесі, 11 | 8 (71532) 2-25-86 | |
5) | Есіл ауданы бойынша бөлім | Ленин көшесі, 6 | 8 (71543) 2-20-03 | |
6) | Жамбыл ауданы бойынша бөлім | Горький тұйық көшесі, 10 Г | 8 (71544) 2-29-16 | |
7) | Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша бөлім | Ленин көшесі, 7 | 8 (71535) 2-22-19 | |
8) | Қызылжар ауданы бойынша бөлім | Институт көшесі, 1 А | 8 (71538) 2-17-46 | |
9) | М. Жұмабаев ауданы бойынша бөлім | Юбилейная көшесі, 62 | 8 (71531) 2-03-76 | |
10) | Мамлют ауданы бойынша бөлім | С.Мұқанов көшесі, 11 | 8 (71541) 2-27-48 | |
11) | Тайыншы ауданы бойынша бөлім | Қазақстан Конституциясы көшесі, 208 | 8 (71536) 2-36-03 | |
12) | Тимирязев ауданы бойынша бөлім | Уәлиханов көшесі 17 | 8 (71537) 2-03-02 | |
13) | Уәлиханов ауданы бойынша бөлім | Уәлиханов көшесі 80 | 8 (71542) 2-28-11 | |
14) | Шал ақын ауданы бойынша бөлім | Желтоқсан көшесі 31 | 8 (71534) 2-73-90 | |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
14. | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі н/ж | 8 (7252) 30-06-79 8 (7252) 21-09-00 | |
1) | Шымкент қаласы № 1 қалалық бөлім | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі н/ж | 8 (7252) 30-06-79 8 (7252) 99-72-76 | |
2) | Шымкент қаласы № 2 қалалық бөлім | Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі н/ж | 8 (7252) 99-72-31 | |
3) | Шымкент қаласы № 3 қалалық бөлім | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61 | 8 (7252) 30-01-35 | |
4) | Шымкент қаласы № 4 қалалық бөлім | Шымкент қаласы, Сайрам көшесі н/ж | 8 (7252) 52-50-84 | |
5) | Шымкент қаласы № 5 қалалық бөлім | Шымкент қаласы, Республика көшесі 15 | 8 (7252) 56-52-84 | |
6) | Арыс қалалық бөлімі | Арыс қаласы, Ергөбек көшесі н/ж | 8 (72540) 2-31-18 | |
7) | Бәйдібек аудандық бөлімі | Шаян ауылы, Мыңбұлақ көшесі н/ж | 8 (72548) 21-443 | |
8) | Кентау қалалық бөлімі | Кентау қаласы, Абылай хан көшесі, № 10 | 8 (72536) 36-456 | |
9) | Қазығұрт аудандық бөлімі | Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі н/ж | 8 (72539) 22-757 | |
10) | Мақтаарал аудандық бөлімі | Жетісай қаласы, Жайшыбеков көшесі н/ж | 8 (72534) 61-343 | |
11) | Отырар аудандық бөлімі | Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы н/ж | 8 (72544) 22-616 | |
12) | Ордабасы аудандық бөлімі | Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі н/ж | 8 (72530) 22-670 | |
13) | Түркістан қалалық бөлімі | Түркістан қаласы, Тілеулі мыңбасы көшесі н/ж | 8 (72533) 41679 | |
14) | Төле би аудандық бөлімі | Леңгір қаласы, Төле би көшесі н/ж | 8 (72547) 61-90-56 | |
15) | Түлкібас аудандық бөлімі | Түлкібас қаласы, Т. Рысқұлов көшесі 189 | 8 (72538) 52-709 | |
16) | Сайрам аудандық бөлімі | Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі н/ж | 8 (72531) 77-079 | |
17) | Созақ аудандық бөлімі | Шолаққорған ауылы, Қожанов көшесі н/ж | 8 (72546) 43-329 | |
18) | Сарыағаш аудандық бөлімі | Сарыағаш ауылы, Шораұлы көшесі н/ж | 8 (72537) 27-020 | |
19) | Абай ауылдық бөлімі | Абай ауылы, А.Жылқышиев көшесі | 8 (72532) 31-629 | |
20) | Шардара аудандық бөлімі | Шардара қаласы, Шардара тұйық көшесі н/ж | 8 (72535) 21-583 | |
«Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
15. | «Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Жандосов көшесі, 51 | 8 (727) 247-16-28 | |
1) | Әуезов аудандық бөлімі | Жандос көшесі, 51 | 8 (727) 247-16-27 | |
2) | Алмалы аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 | 8 (727) 378-09-09 | |
3) | Алатау аудандық бөлімі | Шаңырақ-2 ш/а, Жанқожа батыр көшесі,24 | 8 (727) 395-36-10 | |
4) | Бостандық аудандық бөлімі | Алмагүл 9а ш/а | 8 (727) 396-37-00 | |
5) | Жетісу аудандық бөлімі | Төле би көшесі, 155 | 8 (727) 330-72-43 | |
6) | Медеу аудандық бөлімі | Марков көшесі, 44 | 8 (727) 239-65-52 | |
7) | Түрксіб аудандық бөлімі | Рихард Зорге көшесі, 9 | 8 (727) 234-09-74 | |
«Астана қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы | ||||
16. | «Астана қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы | Республика даңғылы, 12/2 | 8 (7172) 57-07-74 | |
1) | Алматы ауданы бойынша бөлім | Мирзоян көшесі 25 | 8 (7172) 61-84-11 | |
2) | № 1 бөлімше | Республика даңғылы 12/2 | 8 (7172) 32-80-10 | |
3) | № 2 бөлімше | Абай даңғылы 53 | 8 (7172) 21-10-27 | |
4) | № 3 бөлімше | Железнодорожный кенті, Ақтасты көшесі 20 | 8 (7172) 94-71-80 | |
5) | Сарыарқа ауданы бойынша бөлім | Республика даңғылы 43 | 8 (7172) 32-46-97 | |
6) | «Тілендиев» бөлімшесі | Бөгенбай даңғылы 6 а | 8 (7172) 94-99-96 | |
7) | «Ақжайық» бөлімшесі | Есенберлин көшесі 16/2 («Темірбанк» АҚ ғимаратында) | 8 (7172) 59-28-33 | |
8) | «Өндіріс» бөлімшесі | Кемеңгерұлы көшесі 6/1 | 8 (7172) 30-40-70 | |
9) | «Кенесары» көшесі | Сарыарқа көшесі 12 («БТА-банк» АҚ ғимаратында) | 8 (7172) 23-79-03 | |
10) | «Жеңіс» бөлімшесі | Жеңіс көшесі 34 | 8 (7172) 31-70-37 | |
11) | Есіл ауданы бойынша бөлім | Сауран көшесі 7 | 8 (7172) 50-13-70 | |
12) | Есіл ауданы бойынша бөлімше | Қабанбай батыр даңғылы 5/1 № 1 кіреберіс | 8 (7172) 50-91-95 | |
|
|
|
|
|
Документ утратил силу