(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеуді тиісті облыстың (Комитетте тіркеуге жататындардан басқасы) филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден алуды уәкілетті органдар орталықтар арқылы жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың: банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктердің (оның ішінде барлық саяси партиялардың) қызметінің тоқтатылуын, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерді есептік тіркеуден алуды Комитет жүзеге асырады.
Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
Редакция документа
Демо – версия документа