Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2010.07.05. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік (қайта тіркеу) тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - тіркеуге, бизнес сәйкестендіру нөмірін, тіркеу нөмірін бере отырып, оларға мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті беруге ұсынылған құрылтай және  басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, діни бірлестіктер, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне және Филиалдар мен өкілдіктердің бірыңғай тізіліміне енгізу рәсімі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті:

1) республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында әрекет ететін діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді; діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жайда жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, 907-кабинет, телефоны 74-09-30.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку