(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.11.12. № 129 Қ...
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 Қаулысы
(2007.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-30 қарашада жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 тіркелген, «Заң газеті» және «Юридическая газета» республикалық газеттерінде 2006 жылғы 18 қазанда жарияланған).
4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Редакция документа
Демо – версия документа