«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 75 қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 12 тамыздағы № 75 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.11.12. № 129 Қаулысымен күші жойылды
Резиденттердің резидент еместердің бағалы қағаздарын, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуын, резиденттердің резидент еместердің жарғылық капиталына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында салымдар салуын көздейтін операцияларды, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операцияларды лицензиялау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-30 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінде:
52-тармақта:
1) тармақшада «(өзі тіркелген аймақта бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі беріледі)» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада «;» тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа