Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 Қаулысы (2009.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 Қаулысы

(2009.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 Қаулысымен 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-30 қарашада жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 тіркелген, «Заң газеті» және «Юридическая газета» республикалық газеттерінде 2006 жылғы 18 қазанда жарияланған).

4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции