Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 Қаулысы (2006.12.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы
№ 134 Қаулысы

(2006.12.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.11.12. № 129 Қаулысымен күші жойылды

 

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесі (осы қаулыға 1-қосымша) бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттық ұйымдастырушыға жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

Ә. Сәйденов

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции