(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.12 № 1310 ҚАУЛЫСЫ
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары;
2) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 89-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 211-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1310 қаулысымен
бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары
1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және академиялық дәрежені тағайындап және (немесе) біліктілікті бере отырып, білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
2. Құжаттардың барлық түрлері:
1) көлемі 224x160 мм қатты мұқабадан (магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша), ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 320x125 мм);
Редакция документа
Демо – версия документа