Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 Қаулысы (2006.06.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын
(сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 Қаулысы

(2006.06.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 Қаулысымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары (сипаттамасы);

2) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесі бекітілсін.

2. «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат) күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 515 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 наурыздағы

№ 175 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандары (сипаттамасы)

 

1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткенін куәландыратын және білім алушының тиісті білім беру деңгейінің (сатысының) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін және (немесе) оған біліктілік беруді куәландыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың (бұдан әрі - мемлекеттік үлгідегі құжат) түрлері болып табылады.

2. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлері:

1) көлемі 224х160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310х155 мм);

2) көлемі 210х150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310х110 мм);

3) қосымшадан тұрады.

3. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың мұқабасы:

1) мемлекеттік үлгідегі үздік құжат yшін - көк түсті;

2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжат үшін - көгілдір түсті;

3) ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - күрең қызыл түсті;

4) мемлекеттік үлгідегі барлық қалған құжаттар үшін - қою көк түсті болып жасалады.

4. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

1) жоғарғы жағында - мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазулар;

2) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;

3) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік үлгідегі құжат түрінің мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған атауы орналасады.

Мемлекеттік үлгідегі құжат түрі атауының астына мынадай өрнектелген жазу орналастырылады:

"Үздік" - мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттар үшін;

"Алтын белгі" - "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін.

5. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің бланкілері және қосымшалары (1-30-қосымшалар) баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).

6. Қосымша беттердің бланкілері арнайы қорғаныш деңгейлері бар қағазда басылады:

1) ашық қызғылт түс - мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттардың қосымша беттері, ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталатын адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін. Қосымша беттің мәтіні қызыл бояумен басылады;

2) ашық көгілдір түс - мемлекеттік үлгідегі барлық қалған құжаттардың қосымша беттері. Қосымша беттердің мәтіні көк бояумен басылады. Қосымшалардың бланкілері ақ қағазға қара түспен басылады.

7. Қосымша беттің бет жағында:

1) жоғарғы жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;

2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

3) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік үлгідегі құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

8. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымша беттерінің ішкі екі жағында ортада су тамғысы белгілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.

9. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымша беттерінің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс тіліндегі бара-бар мазмұны көрсетіледі.

Ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша беттерінің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдеріндегі бара-бар мазмұны көрсетіледі.

10. Мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттың қосымша беттерінің ішкі екі жақ бетінде құжат түрі атауының төменгі жағында баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер басылып жазылады.

11. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің ішкі екі жақ беттерінде баспаханалық тәсілмен құжат түрі атауының төменгі жағында қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер басылып жазылады.

12. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлері қосымша беттерінің сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмірленуіне ұқсастық бойынша). Мемлекеттік үлгідегі құжаттың әрбір түрінің нөмірленуі бірыңғай болып табылады.

13. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің бланкілері оларға енгізілетін жазулар ірі каллиграфиялық жазумен тушьпен (сиямен) немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп құрастырылуы қажет.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 наурыздағы

№ 175 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесi

 

1. Білімнің және (немесе) біліктіліктің тиісті деңгейі (сатысы) туралы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымында белгіленген тәртіппен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен азаматтарға беріледі.

2. Білім беру ұйымы қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім алушыға:

негізгі жалпы білімнің білім беру бағдарламасын немесе интернатура, клиникалық ординатура, ассистентура-тағылымдаманың кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергені үшін куәлік береді;

жалпы орта білімнің білім беру бағдарламасын меңгергені үшін аттестат береді;

кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергені үшін диплом береді.

"Доцент" немесе "профессор" ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беріледі.

Түзету білім беру ұйымдарын бітірген, зияткерлік дамуында кемістігі бар адамдарға куәлік беріледі.

Тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда кәсіптік оқу бітірген адамдарға куәлік беріледі.

Оқуын аяқтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген үлгідегі анықтама беріледі.

3. Тиісті мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясының) шешімі негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға, сондай-ақ интернатурада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады.

Біліктілік комиссиясының шешімі тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу өндірістік құрылымдарда кәсіптік оқу бітірген адамдарға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады.

Білім беру ұйымы басшысының шешімі түзету білім беру ұйымдарында, клиникалық ординатурада, ассистентура-тағылымдамада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады.

Білім беруді мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органының ұсынысы негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органының шешімі жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларға және "Алтын белгі" белгісімен марапатталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады.

Білім және ғылым саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі білім беру ұйымдары мен ғылым ұйымдарында аспирантурада, адъюнктурада және докторантурада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады.

Білім және ғылым саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының қолдаухатының негізінде қабылданған "доцент" немесе "профессор" ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беру үшін негіздеме болып табылады.

4. Білім беру ұйымдарында білім алушыға жалпы негізгі білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, үздік диплом куәлікке, аттестатқа, дипломға қосымшаға енгізілетін бағалардың негізінде беріледі.

Үздік диплом берудің магистрде міндетті түрде үздік алдыңғы кәсіптік жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы магистр үшін қосымша шарт болып табылады (жоғары базалық білім туралы дипломы немесе жоғары арнайы білім туралы дипломы).

5. Білім алушыға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты тиісті шешім қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей ол оқуын аяқтаған ұйым салтанатты жағдайда, жеке өзіне береді.

Мемлекеттік үлгідегі құжатты жеке өзіне беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол өзге тұлғаға белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

6. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың телнұсқалары жоғалған құжаттардың орнына беріледі.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты жоғалтқан азаматтың оны жоғалтудың мән-жайы баяндалған өтініші телнұсқаны беру үшін негіздеме болып табылады және жоғалтқандығын растайтын құжаттар қоса беріледі.

Өтініш білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты берген білім беру ұйымына беріледі.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы немесе оны ауыстырушы тұлға қабылдайды.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей беріледі.

Мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына, әкесінің атына беріледі.

Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың телнұсқаларын беру кезеңінде қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.

Берілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың бланкісінде жоғарғы жағының оң жақ бұрышында "№____ түпнұсқаның орнына берілген телнұсқа" деген мөртабан қойылады.

7. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға қосымшалардың телнұсқалары осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тәртіппен беріледі.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа қосымшаның телнұсқасын беру кезінде оған азаматтың өзінде сақталған білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың нөмірі мен тіркеу нөмірі қойылады.

8. Тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтар өздерінде бар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды жаңа тегімен (атымен, әкесінің атымен) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа айырбастай алады. Айырбастау білім беру ұйымы басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның шешімі бойынша өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтың өтініші негізінде, тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткенін растайтын құжаттармен жүргізіледі.

Білім беру ұйымы басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның шешімі, азаматтың өтініші мен тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткенін растайтын құжаттар, білім беру ұйымын бітірушінің жеке ісінде сақталады.

Бұрынғы тегі (аты, әкесінің аты) құжаттарды білім беру ұйымы алып қояды және белгіленген тәртіппен жояды.

9. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі берілген құжаттардың, оның ішінде телнұсқалардың көшірмелері білім беру ұйымының мұрағатында бітірушінің жеке ісінде белгіленген тәртіппен бір данада сақталуы тиіс.

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 1-қосымша

 

Жалпы негізгі білімі туралы

КУӘЛІК

ЖНБ № _____

  Осы куәлік______________________________________________

                 (Тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________

__________________________берілді,

  ол_________жылы_________________________________________

__________________________________________________________

             (білім беру ұйымының толық атауы)

бітірді және жалпы негізгі білімнің білім бағдарламасын меңгерді.

  Директор                   _____________  ______________

  Директордың орынбасары     _____________  ______________

  Сынып жетекшісі            _____________  ______________

      М.О.

_________жылғы "_____"_____________берілді.

Елді мекен________________________________________________

Тіркеу №_______

кестенің жалғасы

СВИДЕТЕЛЬСТВО

об основном общем образовании

ЖНБ №___

  Настоящее свидетельство выдано _________________________

                                (Фамилия, имя, отчество)

 ____________________________________________в том, что он

 в _____ году окончил ____________________________________

                          (полное наименование

 _______________________________________________ и освоил

          организации образования)

 образовательную программу основного общего образования.

 

 

 Директор __________________________________

 

 Заместитель директора _____________________

 

 Классный руководитель _____________________

 

 М.П.

 Выдано "___"_________года.

 

 Населенный пункт _________________

 Регистрационный № ________________

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 2-қосымша

 

Жалпы негізгі білімі туралы

ҮЗДІК

КУӘЛІК

ЖНБ № _____

  Осы куәлік______________________________________________

                 (Тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________

__________________________берілді,

  ол_________жылы_________________________________________

__________________________________________________________

             (білім беру ұйымының толық атауы)

бітірді және жалпы негізгі білімнің білім бағдарламасын меңгерді.

  Директор                   _____________  ______________

  Директордың орынбасары     _____________  ______________

  Сынып жетекшісі            _____________  ______________

      М.О.

_________жылғы "_____"_____________берілді.

Елді мекен________________________________________________

Тіркеу №_______

кестенің жалғасы

СВИДЕТЕЛЬСТВО

c отличием

 об основном общем образовании

ЖНБ №____

  Настоящее свидетельство выдано _________________________

                                (Фамилия, имя, отчество)

 ___________________________________________в том, что он

 в _____ году окончил ___________________________________

                          (полное наименование

 ______________________________________________ и освоил

          организации образования)

 образовательную программу основного общего образования.

 

 

 Директор __________________________________

 

 Заместитель директора _____________________

 

 Классный руководитель _____________________

 

 М.П.

 Выдано "___"_________года.

 

 Населенный пункт _________________ 

 Регистрационный № ________________       

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 3-қосымша

 

Жалпы негізгі білімi

туралы куәлікке қосымша

ЖНБ № ___________

(тіркеу №___ куәлігінсіз жарамсыз)

___________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________

_____________________ оқу барысында

(білім беру ұйымының толық атауы)

 

мынадай білімін көрсетті:

қазақ тілінен _____________________

қазақ әдебиетінен _________________

орыс тілінен ______________________

орыс әдебиетінен __________________

ана тілінен _______________________

ана әдебиетінен ___________________

алгебрадан ________________________

геометриядан ______________________

дүниежүзілік тарихтан _____________

Қазақстан тарихынан _______________

қоғамтану негіздерінен ____________

географиядан ______________________

Қазақстан географиясынан __________

физикадан _________________________

химиядан  _________________

биологиядан _______________

шет тілінен (________)_____

бейнелеу өнерінен__________

технологиядан _____________

сызудан ___________________

музыкадан _________________

информатикадан ____________

дене шынықтырудан__________

қалауы бойынша курстар ___________________________

___________________________

_____________ Факультативтік

курстар бойынша бағдарламаны

орындады___________________

___________________________

___________________________

Директор _______ __________

Директордың орынбасары

         _______ __________

Сынып жетекшісі _____ _____

     М.О.

кестенің жалғасы

Приложение к  свидетельству об основном общем образовании

ЖНБ№№___

(без свидетельства, регистрационный

        №___, недействительно)

 __________________________________

      (Фамилия, имя, отчество)

 

за время обучения в________________

___________________________________

  (полное наименование организации

           образования)

показал____следующие знания:

по казахскому языку _______________

по казахской литературе ___________

по русскому языку__________________

по русской литературе _____________

по родному языку __________________

по родной литературе ______________

по алгебре ________________________

по геометрии ______________________

по всемирной истории ______________

по истории Казахстана _____________

по основам обшествознания _________

по географии ______________________

по географии Казахстана____________

по физике _________________

по химии  _________________

по биологии _______________

по иностранному языку

(_______)__________________

по изобразительному искусству__________________

по технологии _____________

по черчению _______________

по музыке _________________

по информатике ____________

по физической культуре_____

курсы по выбору ___________

___________________________

___________________________

 

Выполнил программу по факультативным курсам______

___________________________

___________________________

Директор __________________

Заместитель директора _____ 

 

Классный руководитель _____

М.П.

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 4-қосымша

 

Білімі туралы

КУӘЛІК

БТ № ____________

Осы куәлік_________________________________________ берілді,

                   (Тегі, аты, әкесінің аты)

ол___жылы__________________________________________________

        (білім беру-түзету ұйымының(мектебінің) толық атауы)

__________________________бітіріп мынадай білімін көрсетті:

ана тілінен________________________________________________

орыс тілінен_______________________________________________

математикадан______________________________________________

тарихтан___________________________________________________

географиядан_______________________________________________

жаратылыстанудан___________________________________________

сызудан____________________________________________________

ән-күйден__________________________________________________

бейнелеу өнерінен__________________________________________

дене шынықтырудан__________________________________________

кәсіптік еңбекке баулудан__________________________________

                                      (кәсібі)

Директор                 ________________  ________________

Сынып жетекшісі          ________________  ________________

     М.О.

Елді мекен________       _____ жылғы "_____"___________

                            Тіркеу №_______

кестенің жалғасы

СВИДЕТЕЛЬСТВО

об образовании БТ

№ ____

Настоящее свидетельство выдано ____________________________

____________________________________ в том, что он_________

    (Фамилия, имя, отчество)

в ______году окончил ______________________________________

___________________________________________________________

   (полное наименование коррекционной организации

___________________________________________________________

                 образования (школы))

и показал следующие знания:

по родному языку __________________________________________

по русскому языку _________________________________________

по математике _____________________________________________

по истории ________________________________________________

по географии ______________________________________________

по естествознанию _________________________________________

по черчению _______________________________________________

по пению и музыке _________________________________________

по изобразительному искусству _____________________________

по физической культуре_____________________________________

по профессионально-трудовому обучению _____________________

                                        (профессия)

 

Директор _______________________________________________

 

Классный руководитель __________________________________

     М.П.

Населенный пункт                      "___ "______ года

                         Регистрационный № ____ 

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 5-қосымша

 

Жалпы орта білімі туралы

АТТЕСТАТ

ОБ № ______

  Осы аттестат_____________________________________________

                 (Тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________________________

_____________________________________________берілді,

  ол_________жылы__________________________________________

___________________________________________________________

             (білім беру ұйымының толық атауы)

______________________________________________бітірді және

жалпы орта білімнің білім бағдарламасын меңгерді.

  Директор                   _____________  _______________

  Директордың орынбасары     _____________  _______________

  Сынып жетекшісі            _____________  _______________

      М.О.

_________жылғы "_____"_____________берілді.

Елді мекен_________________________________________________

Тіркеу №_______

кестенің жалғасы

АТТЕСТАТ

о среднем общем образовании

ОБ № _____

Настоящий аттестат выдан __________________________________

                          (Фамилия, имя, отчество) 

____________________________________________в том, что он

в _____ году окончил ______________________________________

                          (полное наименование

_________________________________ и освоил ________________

     организации образования)

образовательную программу среднего общего образования.

 

Директор ____________________________________________

 

Заместитель директора _______________________________

 

Классный руководитель _______________________________

    М.П.

Выдан "____"__________ года.

 

Населенный пункт ___________________________________

Регистрационный № _____________№      

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегi

құжаттардың түрлері мен нысандарына

(сипаттамасы) 6-қосымша

 

Жалпы орта білімі туралы

ҮЗДІК

АТТЕСТАТ

ОБ № ______

  Осы аттестат_____________________________________________

                   (Тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________________________

_____________________________________________берілді,

  ол_________жылы__________________________________________

___________________________________________________________

             (білім беру ұйымының толық атауы)

______________________________________________бітірді және

жалпы орта білімнің білім бағдарламасын меңгерді.

  Директор                   _____________  _______________

  Директордың орынбасары     _____________  _______________

  Сынып жетекшісі            _____________  _______________

      М.О.

_________жылғы "_____"_____________берілді.

Елді мекен_________________________________________________

Тіркеу №_______

кестенің жалғасы

АТТЕСТАТ

c отличием

о среднем общем образовании

ОБ № _____

Настоящий аттестат выдан __________________________________

                          (Фамилия, имя, отчество) 

____________________________________________в том, что он

в _____ году окончил ______________________________________

                          (полное наименование

__________________________________и освоил ________________

     организации образования)

образовательную программу среднего общего образования.

 

Директор ____________________________________________

 

Заместитель директора _______________________________

 

Классный руководитель _______________________________

    М.П.

Выдан "____"__________ года.

 

Населенный пункт ___________________________________

Регистрационный № _____________№      

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции