Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 Қаулысы (2007.28.12. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы
15 наурыздағы № 175 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 Қаулысы

(2007.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібінде:

1-тармақтағы «, куәліктеме» деген сөз алынып тасталсын;

2-тармақ алынып тасталсын;

16-тармақ «лицензиялары бар» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік аттестаттаудан өткен» деген сөздермен толықтырылсын;

19-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1310 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. 2006 жылғы 15 сәуірден бастап «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции