Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығы (күші жойылды)

Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды
 қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын
 талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының
2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығы

 

ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 2-тармағына және 155-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар;

2) Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушысының «Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 142 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 қарашада № 3186 тіркелген);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку