Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрінің м.а.

2009 жылғы 2 наурыздағы

№ 30 бұйрығымен

бекітілген

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар
 
Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - жобаның ТЭН) әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін жобаның ТЭН әзірлеген кезде осы талаптар сақталуы тиіс.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін жобаның ТЭН сараптау жүргізген кезде осы талаптар сақталуы тиіс.

4. Оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде концессиялық жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру бойынша барынша орынды маркетингтік, техника-технологиялық, қаржы, институционалдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, концессиялық жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық салдарларын айқындау, ТЭН қабылданған шешімдерді ескере отырып, оны іске асыру жөніндегі тәуекелдерді бағалау, мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерін, сондай-ақ жобаны іске асырудың мемлекеттік бюджетке әсерін айқындау жобаның ТЭН әзірлеудің мақсаты болып табылады.

5. Жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық орындылығын айқындау жобаның ТЭН сараптаудың мақсаты болып табылады.

6. Жобаны экономикалық сараптаудың нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.

Экономикалық сараптаудың оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны осы талаптарға жауап беретін және белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерді растайтын, сондай-ақ жобаны іске асырудың жүзеге асырылымдығы және тиімділігінің алғы шарттары бар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне ұсынылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку