Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 142 бұйрығы (күші жойылды)
Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық
сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 142 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009.02.03 № 30 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті (Т.Б.Нұрашев) және Заң басқармасы (М.Д.Әйтенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.А.Исаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
жобаның (бағдарламаның)
экономикалық сараптамасының
қорытындысына қойылатын
талаптарды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі міндетін
атқарушының
2004 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 142 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобаның
(бағдарламаның) экономикалық
сараптамасының қорытындысына қойылатын
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптар (бұдан әрі Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 150-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы қорытындысының жалпы құрылымын және мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа