(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 21 ҚАЗАНДАҒЫ № 1577 ҚАУЛЫСЫ
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк
қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысы
(2008.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 423 Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөніндегі ереже бекітілсiн.
3. ҚР Үкіметінiң 2007.17.08. № 702 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінiң 2007.17.08. № 702 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінiң 2000 жылғы 21
қазандағы № 1577 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 19.11.01 ж. № 1488; 09.10.02 ж. № 1099; 31.12.03 ж. № 1370; 30.07.03 ж. № 807 (бұр.ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.13.09. № 863 (бұр.ред.қара); 2007.19.06. № 513 (бұр.ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілiк қызметі үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің
Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының
Құрамы
Редакция документа
Демо – версия документа