(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 21 ҚАЗАНДАҒЫ № 1577 ҚАУЛЫСЫ
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк
қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысы
(2006.13.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 19 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 423 Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөніндегі ереже бекітілсiн.
3. Құрмет дипломдары мен олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Әдебиеттің әлеуметтiк-маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын қалыптастыру" бағдарламасы бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде анықталсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылдан бастап жыл сайын, республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Құрмет дипломдары мен олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасауға Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Мемлекеттік наградалар, оларға құжаттарды, құрмет дипломдары мен омырауға тағатын белгiлер, жасау бағдарламасы бойынша қаражат көздесiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Редакция документа
Демо – версия документа