Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы (2007.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік
қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы

(2007.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының мәдени және гуманитарлық салаларын дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік қызметін көтермелеу мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің екі жылда бір рет берілетін 30 Құрмет дипломы (бұдан әрі - Диплом) тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

Диплом нысанының сипаттамасы;

Дипломның омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Дипломмен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережені әзірлесін және бекітсін;

2) Дипломды беру жөніндегі комиссияны құрсын және оның құрамын бекітсін;

ҚР Президентінің 2007.20.06 № 349 Жарлығымен 3)-тармақша редакцияда (бұр. ред. қара)

3) дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды олар берілетін жылғы республикалық бюджетте көздесін;

ҚР Президентінің 2007.20.06 № 349 Жарлығымен 4)-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) Дипломмен марапатталуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын екі жылда бір рет бекітуге ұсынсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2000 жылғы 31 шілдедегі

№ 423 Жарлығымен

бекітілген

Мәдени және гуманитарлық салалардағы

қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы нысанының

СИПАТТАМАСЫ

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции