(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік
қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы
Осы редакция 2007 ж. 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мәдени және гуманитарлық салаларын дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік қызметін көтермелеу мақсатында қаулы етемін:
1. Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы 30 Құрмет дипломы (бұдан әрі - Диплом) тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
Диплом нысанының сипаттамасы;
Дипломның омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Дипломмен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережені әзірлесін және бекітсін;
2) Дипломды беру жөніндегі комиссияны құрсын және оның құрамын бекітсін;
3) дипломдарды әзірлеуге байланысты жыл сайын шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды көздесін;
4) Дипломмен марапатталуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 31 шілдедегі
№ 423 Жарлығымен
бекітілген
Мәдени және гуманитарлық салалардағы
қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы нысанының
СИПАТТАМАСЫ
Редакция документа
Демо – версия документа