(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.02.00 Ж. № 288 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы
көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 24 ақпандағы № 288 қаулысы
(2008.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен тақырыбында және мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимі және арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілік табелі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдарының тиесілік табелі;
3) арнайы су көлігінiң тиесілілік табелi бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 288 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 19.06.00 ж. № 916; 21.12.01 ж. № 1668; 20.09.02 ж. № 1036; 28.11.02 ж. № 1267; 2005.18.03. № 248 (бұр. ред. қара); 2005.07.06. № 568 ; 2005.02.12. № 1185; 2005.29.12. № 1306; 2006.25.01. № 49 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 745 (бұр.ред.қара); 2008.31.03. № 308 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 332 (бұр.ред.қара) қаулыларымен табель өзгертілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына
қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік
ТАБЕЛІ
Редакция документа
Демо – версия документа