Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1185 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1185 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативінде:

реттік нөмірі 13-жолдың ІІ тобының 4-бағанындағы "3" деген сан "*" деген белгімен толықтырылсын;

кестеден кейін мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

"* Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін";

2) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген бағандағы "1" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку