(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.02.00 Ж. № 288 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге
көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді
пайдалануды реттеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 24 ақпандағы № 288 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.04.00 ж. № 557; 19.06.00 ж. № 916; 15.05.01 ж. №
643; 21.12.01 ж. № 1668; 20.09.02 ж. № 1036; 28.11.02 ж. № 1267;
08.05.03 ж. № 435 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 248 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимі және арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілік табелі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған автомобильдердің тиесілік табелі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Үкіметінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 288 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 19.06.00 ж. № 916; 21.12.01 ж. № 1668; 20.09.02 ж. № 1036; 28.11.02 ж. № 1267 қаулыларымен табель өзгертілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көліктік
қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілілік
ТАБЕЛІ
Жедел | Функционалдық мақсаты | Арнайы жеңіл автомобиль- дерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Автомобиль- дердің шекті саны |
Редакция документа
Демо – версия документа