Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.27.06 № 543 ҚАУЛЫСЫ

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін және оларды міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 10-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 340 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 185-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 423 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 172-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 маусымдағы

№ 543 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі

 

Жерді және жер қойнауын пайдалану

 

1. Улы, радиоактивті және тағы басқа қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлердің техникалық рекультивациясы.

2. Учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі карьерлерді әзірлеу.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку