Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 631 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 631 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесінде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2-сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік үдерістерді жүзеге асыру.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку