Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 423 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 423 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін және Оларды міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесінде:

2-тарау 8) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;

2-1 және 2-2-тараулар 6) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;

2-3-тарауда 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;

2-4-тарауда 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;

2-5-тарауда:

мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;

3) тармақшадағы «сақтандыру полисінің» деген сөздер «міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-6-тарау 6) тармақшадағы «жою жоспарларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып және 2-7-тарау 6) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің».

2. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку