Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 265- 289 қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)

(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 281-1, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 288-1, 288-2, 288-3, 289-қосымшаларғасәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

265-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1733419 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз үш миллион терт жүз он тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері« туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 944 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны іске асыру; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; жүктелген функциялардың неғұрлым тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету; халықты қауіпсіз, қолжетімді, сапалы медициналық әрі дәрілік көмекпен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелестік ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық ішкі жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің аппараттарын ұстау; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру; медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау; денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу; тәуелсіз сараптама институтын дамыту; біліктілік санатын беру жүйесін, біліктілік құзыреттілікке аттестаттау жүйесін жетілдіру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу; дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтер көрсетудің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; көлікте бақылаудағы объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қамтамасыз ету, шекараны жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау; азаматтардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің есептеу техникасын, жергілікті есептеу желілерінің жүйелі әрі техникалық күтімін қамтамасыз ету, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросымен басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпаратпен алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерін негізгі құралдармен қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

п/п

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның (кіші

бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Денсаулық

сақтау

саласындағы

уәкілетті

органның

қызметін

қамтамасыз

ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Денсаулық сақтау

саласындағы мемлекеттік саясатты

қалыптастыруды

қамтамасыз ететін

функцияларды жүзеге асыру.

Нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды басқару жүйесін

жетілдіру жөнінде

әдістемелер мен зерттеулер әзірлеу

Республикалық

деңгейде халыққа

салауатты өмір

салтын уағыздайтын

іс-шаралар өткізу

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

3

  

002

Аумақтық

органдардың

аппараттары

Бекітілген штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігінің

фармацевтикалық

бақылау, мемлекеттік санитарлық-

эпидемиологиялық

қадағалау,

медициналық қызмет

көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің

аумақтық органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз

ету, қызметтік

автомашиналар мен

арнайы автокөлікті

күтіп-ұстау. Медициналық қызметті тәуелсіз сараптауды жүргізу. 2008

жылы сатып

алынатынды есепке

ала отырып, ұйымдастыру техникасын күтіп-ұстау.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

4

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігінің,

оның ведомстволық

және олардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің денсаулық сақтау саласындағы

басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру.

Мемлекеттік және

ағылшын тілдеріне

оқыту. Денсаулық

сақтау саласындағы

уәкілетті органның

және оның

ведомстволарының

мамандарын Қазақстан

Республикасының

Денсаулық сақтау

ісін реформалау

мен дамытудың

2005-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелде оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

5

  

008

Мемлекеттік

органдардың

ғимараттарын, үй-жайлары мен

құрылыстарын күрделі жөндеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу қызметтеріне ақы төлеу.

Жыл

бойы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

6

  

009

Мемлекеттік

органдарды

материалдық

-техникалық

жарақтандыру

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігі мен

оның аумақтық

органдарын

материалдық-техни-

калық

жарақтандыру.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау министрлігі,

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау министрлігі

Мемлекеттік

Санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау

комитетінің

Солтүстік-

Батыс өңірлік

әуе жол

көлігіндегі

Мемлекеттік

Санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау,

көліктегі бас

Мемлекеттік

Санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау және Батыс өңірлік

теміржол көлігіндегі

Мемлекеттік

Санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау

басқармалары,

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау министрлігі

Фармацевтикалық

бақылау

комитетінің

Ақмола, Қарағанды,

Қостанай,

Солтүстік

Қазақстан,

Оңтүстік

Қазақстан,

Павлодар

облыстары және

Астана қаласы

бойынша

фармацевтикалық

бақылау

басқармалары.

7

  

017

Ақпараттық

жүйелердің

жұмыс

істеуін

қамтамасыз

ету және

мемлекеттік

органдарды

ақпараттық-

техникалық

қамтамасыз

ету

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігі үшін

есептеуіш,

ұйымдастыру және

телекоммуникациялық

техника құралдарын,

лицензияланған

бағдарламалар

өнімдерін, шығын

және жинақтау

материалдарын

сатып алу.

Денсаулық сақтау

жүйесінің жұмыс

істеуін қамтамасыз

ететін ақпараттық

жүйелер, веб-сайт, веб-портал

мен бағдарламалық

өнімдер кешенін

сүйемелдеу

жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.

Есептеуіш техника

құралдары мен желілердің

жүйелік-техникалық және

әкімшілендіру

қызмет көрсетуіне

ақы төлеу.

Телекоммуникациялық қызметтерге

ақы төлеу. Аумақтың органдар үшін есептеуіш,

ұйымдастыру және

телекомуникациялық

техника құралдарын, лицензияланған

бағдарламалар

өнімдерін шығын

және жинақтау

материалдарын сатып алу.

Жыл

бойы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігінің

Фармацевтикалық

бақылау,

Мемлекеттік

санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау,

медициналық қызмет көрсету

саласындағы

бақылау

комитеттерінің

аумақтық органдары

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бекітілген штат саны лимиті шегінде орталық аппарат пен оның аумақтық органдарын ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету; бақылау объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге, гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін бақылау; лицензиялау жүйесін жетілдіру; медициналық көмектің сапасын дәлелді түрде жақсарту; дәрілік заттар мен көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің сапасының, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; денсаулық сақтау жүйесінің тұтынушылардың қалауына сәйкестігін арттыру; деректерді жинаудың, жедел тапсырмаларды өңдеудің орташа уақытын және талдау анықтамаларын берудің мерзімдерін қысқарту; облыстардан статистикалық есептерді қабылдаудың мерзімін азайту (жылдық есеп - 18 күнге дейін, тоқсандық - 3 күнге дейін); ел ішінде орта есеппен 90 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 51 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; орта есеппен 105 қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту; дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның қызметшілерін орта есеппен 20 адамын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның орта есеппен 35 адамын шетелде оқыту; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратын күрделі жөндеуге мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру, аппараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық жағынан қамтамасыз ету; фармацевтикалық бақылау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің аумақтық органдарын есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техникамен, лицензияланған бағдарламалық өнімдерімен, шығыс және құрамдауыш материалдармен жарақтандыру.

Түпкілікті нәтиже: оларға жүктелген функцияларының орындалуы үшін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1396,3 мың теңге; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 2294,772 мың теңге;

салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 135,26 мың теңге;

аумақтық органның бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығын - 1018,5мың теңге;

бір қызметшінің біліктілігін ел ішінде арттыруға ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 22,144 мың теңге;

дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 861,55 мың теңге;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 2129,514 мың теңге;

бір қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,657 мың теңге;

бір қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,271 мың теңге;

Уақыттылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.

Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

266-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 6819850 мың теңге (алты миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 3 , 8 , 35, 36, 56, 62 және 64-баптары; «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтардың әскери қызметке дайындығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

р/с

Бағдарлама

коды

Кіші

бағдарлама

коды

Бағдарламаның

(кіші бағдарламаның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Жоғары және

жоғары оқу

орнынан кейінгі

кәсіптік білімі бар мамандар

даярлау

  

  

  

2

  

100

Мемлекеттік

білім беру

гранты

бойынша

мамандар

даярлау

Мемлекеттік

жалпыға міндетті

білім беру

стандартына сәйкес

жоғары білім беру

бағдарламалары

бойынша студенттер

мен интерндерді

даярлау. Оқу

процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жағдай

жасау. С.Ж.Асфендияров

атындағы Қазақ

ұлттық медицина

университетінің

оқытушы-профессорлар құрамы мен басшы қызметкерлерінің белгіленген қызмет ақыларын

1,75-ке көбейтетін

коэффициентін

төлеуге байланысты

шығыстарды субсидиялау.

Мемлекеттік білім

беру тапсырысы

бойынша студенттер

мен интерндердің

орташа жылдық

контингенті 15916.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

3

  

101

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

жоғары оқу

органдарының әскери

кафедраларында

запастағы

офицерлер

даярлау

Медициналық

ЖОО-лардағы оқу

жоспарына сәйкес

запастағы офицерлер бағдарламасы

бойынша студенттерді әскери

даярлауды жүзеге

асыру. Запастағы

офицерлердің

орташа жылдық

контингенті 1442.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

4

  

102

Жоғары оқу

орындарының

студенттерін стипендиямен

қамтамасыз

ету

Мемлекеттік

медициналық білім

беру ұйымдарында

білім алатын

жекелеген санаттарға

мемлекеттік стипендиялар

тағайындау және

төлеу тәртібі

туралы ережеге

және Қазақстан

Республикасы

Президенті белгілеген

стипендияларды

тағайындау

ережесіне сәйкес

студенттер мен

интерндерге

мемлекеттік

стипендия төлеу

арқылы оларды

жоғары білім алуы

кезінде әлеуметтік

қолдау.

Студенттер мен

интерндердің

орташа жылдық

контингентіне

мемлекеттік

стипендия төлеу -

12872.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

5

  

103

Ғылыми

кадрлар

даярлау

Ғылыми кадрлардың медицинаның өзекті мәселелері жөніндегі жеке ғылыми зерттеулерін әзірлеуі және оларды жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар түрінде ресімдеу, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын меңгеру, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда тереңдетілген медициналық білім алу, ғылыми кадрларды даярлау процесін қамтамасыз ету. Орташа жылдық саны:

докторанттар - 91, PhD

докторанттар - 3,

аспиранттар - 178,

клиникалық

ординаторлар -

165, резидентура

тыңдаушылары - 53

және денсаулық

сақтау магистранттары -

116.

Жыл бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

6

  

104

Ғылыми

кадрларды

стипендиямен қамтамасыз ету

Мемлекеттік

медициналық білім

беру ұйымдарында

білім алатын

жекелеген санаттарға

мемлекеттік

стипендиялар

тағайындау және

төлеу тәртібі туралы ережеге

сәйкес мемлекеттік

стипендия төлеу

арқылы денсаулық

сақтау саласының

91 докторантының,

3 PhD докторантының, 178 аспирантының, 165

клиникалық

ординаторының, 53

резидентура

тыңдаушысы және

116 магистрантының

орташа жылдық

контингентін

әлеуметтік қолдау.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

7

  

105

Мемлекеттік

жоғары оқу

орындарын

күрделі

жөндеу

Мемлекеттік

сараптамадан өткен

жобалық-сметалық

құжаттамаға және

қорытындыға сәйкес

С.Ж.Аспендияров

атындағы Қазақ

ұлттық медицина

университетіне

(2006 жылғы 5

мамырдағы №

7-207-1/06

мемлекеттік

сараптамасының

қорытындысы),

Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік

медицина академиясына (2007 жылғы

23 қаңтардағы №

18-13/2007

мемлекеттік

сараптамасының

қорытындысы),

Семей мемлекеттік

медицина

академиясына

(мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 22-171/06, 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 22-175/06 және 2008 жылғы 4 тамыздағы № 22-261/08 қорытындылары),

Қарағанды мемле-

кеттік медицина

академиясына

(мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 7 ақпандағы № 12-20/07 және 2008 жылғы 18 маусымдағы № 12-242/08 қорытындылары),

Қазақ мемлекеттік

медицина

академиясына

(2007 жылғы 22

қаңтардағы №

23-25/07 мемлекеттік

сараптамасының

қорытындысы),

Марат Оспанов

атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына

(2006 жылғы 14

сәуірдегі №

6-188/06 мемлекеттік

сараптамасының

қорытындысы)

ғимараттары мен

құрылыстарын

күрделі жөндеуге

күрделі трансферттер аудару арқылы

оқытудың сапасын

көтеру үшін жағдай

жасау мақсатында

мемлекеттік

медициналық жоғары

оқу орындары

ғимараттарының

техникалық

жағдайын жақсарту.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

8

  

106

Студенттердің

жоғары оқу

орындарында

оқуды

аяқтауы

1999 жылға дейін

мемлекеттік

тапсырыс бойынша

жоғары оқу орнына

түскен студенттер

мен интерндерді

мемлекеттік

жалпыға міндетті

білім беру

стандарттарына

сәйкес даярлау.

Оқу процесі үшін

материалдық-техникалық жағдай

жасау. 1999 жылға

дейін мемлекеттік

тапсырыс бойынша

жоғары оқу орнына

түскен студенттер

мен интерндердің

орташа жылдық

контингенті - 1.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

9

  

107

Жоғары оқу

орындарында

оқу аяқтайтын студенттерді

стипендиямен қамтамасыз ету

Мемлекеттік

медициналық білім

беру ұйымдарында

білім алатын

жекелеген санаттарға

мемлекеттік

стипендиялар

тағайындау және

төлеу тәртібі

туралы ережеге

сәйкес 1999 жылға

дейін мемлекеттік

тапсырыс бойынша

жоғары оқу орнына

түскен студенттер

мен интерндерге

мемлекеттік

стипендия төлеу

арқылы студенттер

мен интерндерді

олардың жоғары

кәсіптік білім

алуы кезінде

әлеуметтік қолдау.

1999 жылға дейін

мемлекеттік

тапсырыс бойынша

жоғары оқу орнына

түскен студенттер

мен интерндердің

орташа жылдық

контингентіне

мемлекеттік

стипендия төлеу -

1.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

10

  

108

Кәсіптік

жоғары оқу

орындарында

мемлекеттік

білім беру

тапсырысы

бойынша

оқып

жатқандар

арасынан

жастардың

жол жүруіне

өтемақы

төлеу

Жоғары оқу

орындарына

мемлекеттік білім

беру тапсырысы

бойынша

оқитындардың

жазғы және қысқы

каникулдар кезінде

жылдың басында

(бітірмей тұрғанда

13192, бітіретіндерге 1434) студенттердің

контингентіне

жолақысына ақшалай

өтемақы төлеу үшін

берілетін трансферттерді аудару арқылы азаматтарды

жоғары кәсіптік

білім алуы кезінде

әлеуметтік қолдау.

1, 2

тоқсан

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

11

  

109

Мемлекеттік

медициналық

жоғары оқу

орындарының

жанынан

оқу-клиникалық

орталықтар

құру

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық сақтау

министрлігінің

бұйрығымен бекітілетін

Тізбеге сәйкес

С.Ж.Асфендияров

атындағы Қазақ

ұлттық медицина

университетіне,

Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік

медицина академиясына, Семей мемлекеттік

медицина академиясына,

Қарағанды

мемлекеттік медицина

академиясына,

Қазақ мемлекеттік

медицина академиясына,

Марат Оспанов

атындағы Батыс

Қазақстан

мемлекеттік медицина

академиясына капиталды

трансферттерді

аудару арқылы қазіргі заманғы лабораториялық

және медициналық

жабдықтармен қайта

жарақтандыру.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республикасы

Денсаулық

сақтау

министрлігі

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 4500; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; PhD докторанттар - 10, резидентура тыңдаушылары - 158, магистранттар - 70;

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции