Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 498 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 498 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:

09 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында:

226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:

001 «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында:

001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «452102» деген сандар «466972» деген сандармен ауыстырылсын;

009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасындағы «35310» деген сандар «20440» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:

226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:

016 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасында:

«Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік жедел жәрдем медициналық көмек ҒЗИ салу» деген жолдағы «670022» деген сандар «1976082» деген сандармен ауыстырылсын;

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академия» РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана» деген жолдағы «1490000» деген сандар «1054647» деген сандармен ауыстырылсын;

«Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы» РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана» деген жолдағы «1 490 000» деген сандар «1054646» деген сандармен ауыстырылсын;

«Алматы қаласындағы «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» РМҚК 300 төсекке арналған көпмаманды ауруханасы» деген жолдағы «1490 000» деген сандар «1054647» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 265-қосымшада:

7-тармақтың қаржы-экономикалық нәтижесінің екінші абзацындағы «1642,88» деген сандар «1724,13» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 274-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» деген сөздерден кейін «, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» деген сөздермен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың тікелей нәтижесінде:

«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығын» деген сөздерден кейін «, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне» деген сөздермен толықтырылсын;

қаржылық-экономикалық нәтижесіндегі «санаторийлік көмек» деген сөздер «санаторийлік және оңалту көмегін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«4100», «360», «158,1», «50,4» және «64,9» деген сандар тиісінше «3500», «300», «178,9», «233,4» және «92,4» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку