(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.08.03 Ж. № 838 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006
жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 838 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 2005.15.03. № 230
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Іс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
ҚР Үкіметінің 2005.15.03. № 230 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.15.03. № 230 қаулысымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын eceптi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-күнiне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
№ 838 қаулысымен
Бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа