Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.08.03 Ж. № 838 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006
жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 838 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  ҚР Үкіметінің  2005 жылғы 15 наурыздағы № 230 қаулысымен  енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Іс-шаралар жоспары) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 20 тамыздағы

№ 838 қаулысымен

Бекітілген

ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын

дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку