Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 230 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 15 наурыздағы № 230 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 343-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

2-тармақтың 2) тармақшасындағы "10" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне" деген сөздер "eceптi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-күнiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:

реттiк нөмiрлерi 3.3.6. және 3.3.7-жолдарда:

4-бағандағы "Ақпминi" деген аббревиатура "MACM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмiрлерi 3.5.1., 3.5.2., 3.5.4-жолдарда:

4-бағандағы "ТурСА" деген аббревиатура "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 3.5.5-жолда:

4-бағандағы "ТурСА" деген аббревиатура "ИСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 3.6.3-жолда:

4-бағандағы "КДА" деген аббревиатура алынып тасталсын;

реттік нөмiрлерi 4.1., 5.1., 6.1., 6.2., 6.3., 6.4., 6.5., 9.3., 9.7-жолдарда:

4-бағандағы "ҚДА" деген аббревиатура "Еңбекминi" деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 5.3-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"Маусым, жыл сайын;

реттік нөмiрi 9.1-жолда:

2-бағандағы "ұлттық стандарттарын" деген сөздер "нормативтерiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

4-бағандағы "Мәдминi, Ақпминi, ТурСА" деген сөздер "MACM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 9.4-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу";

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"2005 жылғы IV тоқсан";

реттiк нөмiрi 9.5-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"2006 жылғы ІІ тоқсан";

реттiк нөмiрi 9.11-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"АШМ, Еңбекминi".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку