(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.12.04 Ж. № 1289 ҚАУЛЫСЫ
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы
(2005.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2005.20.05. № 484 (бұр. ред. қара); 2005.12.08. № 833 (бұр.ред.қара); 2005.22.09. № 939 (бұр.ред.қара); 2005.06.10. № 1005 (бұр.ред.қара); 2005.26.10. № 1070 (бұр.ред.қара); 2005.08.11. № 1105 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:
кiрiстер бойынша 1340807094 мың теңге, оның iшiнде;
салықтық түсiмдер 1200644815 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 624 437 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 529 327 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
шығындар бойынша 1313913192 мың теңге;
операциялық сальдо бойынша 26893902 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 48 002 548 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 60 459 925 мың теңге;
бюджеттік кредиттердi өтеу - 12 457 377 мың теңге;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша 92655578 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 102 228 111 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер 9572533 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 113 764 224 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;
бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:
қарыздар түсiмдерi - 286093586 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 184682045 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 12 352 683 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа