(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.12.04 Ж. № 1289 ҚАУЛЫСЫ
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1398; 2005.01.03. № 179; 2005.21.04. № 372; 2005.20.05. № 484
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 12 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2005.20.05. № 484 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:
кiрiстер бойынша - 1 230 826 352 мың теңге, оның iшiнде;
салықтық түсiмдер - 1 090 664 073 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 624 437 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 529 327 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
шығындар бойынша - 1 196 359 917 мың теңге;
операциялық сальдо бойынша - 34 466 435 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 48 002 548 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 60 459 925 мың теңге;
бюджеттік кредиттердi өтеу - 12 457 377 мың теңге;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 100 228 111 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 102 228 111 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 000 000 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 113 764 224 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;
бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:
қарыздар түсiмдерi - 216 512 640 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 115 101 099 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 12 352 683 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа