Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 833 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 833 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:

1) 1-тармақта:

«1230826352» деген сандар «1241736393» деген сандармен ауыстырылсын;

«1090664073» деген сандар «1101574114» деген сандармен ауыстырылсын;

«1196359917» деген сандар «1208793150» деген сандармен ауыстырылсын;

«34466435» деген сандар «32943243» деген сандармен ауыстырылсын;

«100228111» деген сандар «98704919» деген сандармен ауыстырылсын;

«2000000» деген сандар «3523192» деген сандармен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

I «Кiрiстер» деген бөлiмде:

«1230826352» деген сандар «1241736393» деген сандармен ауыстырылсын;

1 «Салықтық түсiмдер» деген санаттағы:

«1090664073» деген сандар «1101574114» деген сандармен ауыстырылсын;

01 «Табыс салығы» деген сыныптағы «514856479» деген сандар «524393349» деген сандармен ауыстырылсын;

1 «Корпорациялық табыс салығы» деген iшкi сыныптағы «514856479» деген сандар «524393349» деген сандармен ауыстырылсын;

07 «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы» деген ерекшелiктегі «23531000» деген сандар «3306787» деген сандармен ауыстырылсын;

05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын iшкi салықтар» деген сыныптағы «511784834» деген сандар «513158005» деген сандармен ауыстырылсын;

3 «Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсiмдер» деген iшкі сыныптағы «209156867» деген сандар «210530038» деген сандармен ауыстырылсын;

26 «Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти» деген ерекшелiктегi «16141453» деген сандар «17514624» деген сандармен ауыстырылсын;

II «Шығындар» деген бөлiмде:

«1196359917» деген сандар «1208793150» деген сандармен ауыстырылсын;

15 «Ресми трансферттер» деген функционалдық топтағы

«146685266» деген сандар «159118499» деген сандармен ауыстырылсын;

01 «Ресми трансферттер» деген iшкi функциядағы «146685266» деген сандар «159118499» деген сандармен ауыстырылсын;

217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген әкiмшi бойынша «146685266» деген сандар «159118499» деген сандармен ауыстырылсын;

066 «Республикалық бюджеттен Ұлттық қорға берілетiн ресми трансферттер» деген бағдарламадағы «13657725» деген сандар «26090958» деген сандармен ауыстырылсын;

101 «Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс түсiмдер есебiнен ресми трансферттер» деген кiшi бағдарламадағы «0» деген сан «10910041» деген сандармен ауыстырылсын;

102 «Республикалық меншiктегi және тау-кен және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiкті жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдер есебiнен ресми трансферттер» деген кiшi бағдарламадағы «0» деген сан «1523192» деген сандармен ауыстырылсын;

III «Операциялық сальдо» деген бөлiмдегi «34466435» деген сандар «32943243» деген сандармен ауыстырылсын;

V «Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо» деген бөлiмдегi «100228111» деген сандар «98704919» деген сандармен ауыстырылсын;

«Мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетін түсімдер» деген жолдағы «2000000» деген сандар «3523192» деген сандармен ауыстырылсын;

6 «Мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер» деген санаттағы «2000000» деген сандар «3523192» деген сандармен ауыстырылсын;

01 «Мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер» деген сыныптағы «2000000» деген сандар «3523192» деген сандармен ауыстырылсын;

1 «Қаржы активтерiн ел iшiнде сатудан түсетін түсiмдер» деген iшкi сыныптағы «2000000» деген сандар «3523192» деген сандармен ауыстырылсын;

01 «Республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсiмдер» деген ерекшелiктен кейiн мынадай мазмұндағы 03 ерекшелiкпен толықтырылсын:

«03 Республикалық меншiктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер 1523192».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

А. Есімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку