(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.01.02 Ж. № 100 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
24 қаңтардағы № 100 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 434; 07.07.02 ж. № 794; 30.08.03 ж. № 833; 02.10.03 ж. № 1018;
04.03.04 ж. № 269; 11.08.04 ж. № 842; 13.08.04 ж. № 860;25.11.04 ж. № 1233; 2005.22.06 № 613
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 25 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары бекітілсiн.
2. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттік органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 434 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы
№ 100 қаулысымен бекітілген
Жекелеген қызмет түрлерiмен
айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
ставкалары
ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 434; 17.07.02 ж. № 794; 30.08.03 ж. № 833; 02.10.03 ж. № 1018; 04.03.04 ж. № 269; 11.08.04 ж. № 842; 13.08.04 ж. № 860 (бұр. ред. қара); 25.11.04 ж. № 1233 ; 2005.22.06 № 613 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа